Шамхани: Палестинаға қолдау көрсетіп, Құдсты азат ету – мұсылман әлемінің басты бағдары
(last modified Sun, 11 Dec 2016 07:58:47 GMT )
Жел 11, 2016 13:58 Asia/Almaty
  • Шамхани: Палестинаға қолдау көрсетіп, Құдсты азат ету – мұсылман әлемінің басты бағдары

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің басшысы Палестинаның армандары мен Құдсты азат етуді мұсылман әлемі үшін басымдылыққа ие мәселелер деп атады.

Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің басшысы Әли Шамхани сенбі күні кешке Теһранда Палестинаның Исламдық джихад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдолламен кездесуінде: «Сионистік режиммен күресу бағытын бұрмалауға себеп болатын кез-келген әрекет мұсылман әлемі үшін басты қауіп және де әлем мұсылмандарына жасалған қиянат», - деп мәлімдеді.

Шамхани бала өлтіруші сионистік режиммен күресті жалғастырудан басқа кез-келген стратегияның нәтижеге жеткізбейтінін баса айтты.

Сондай-ақ Шамхани сионистік режим мен аймақтағы кейбір елдерді мұсылман бауырлардың бір-бірін өлтіруі үшін бүлік ұйымдастырып отырған лаңкестік және тәкфіршіл топтардың стратегиялық серігі деп атап: «Қару-жарақпен қамтамасыз ету, жараланғандарды емдеу мен ақпараттық және қаржылай көмек көрсету сионистік режим мен оның одақтастарының тәкфіршіл лаңкестерге көрсетіп отырған қолдауларының тек бір бөлігі ғана», - деді.

Аталмыш кездесу барысында Палестинаның Исламдық джихад қозғалысының бас хатшысы Рамазан Абдолла Иранның діни жетекшісі, үкіметі мен халқына Палестина қарсыласуына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп: «Палестина армандарына шынайы қолдау көрсетіп, жалған сионистік режимді мойындамайтын әлемдегі жалғыз ел Иран Ислам Республикасы», - деді.