Иран батыс елдерінен лаңкестікпен күреске атсалысуға өтініш жасады
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы еуропалықтардың аймақтағы лаңкестік және әсірешілдікпен күресуде Иранмен әріптестік жасауын сұрады.
ИРНА-ның сәрсенбі күнгі хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти Италияның La Reppublica газетіне берген арнайы сұхбатта: "Еуропалық үкіметтер аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуда және лаңкестікпен күресте Иранмен әріптестік жасап, осы күрестегі өз рөлін атқаруы керек.
Еуропалық үкіметтер қолдаулар мен көмектерді тоқтату үшін аймақтағы лаңкестік пен әсірешіл ағымдарды қолдаушы елдермен шынайы келіссөздер өткізсін" деп қуаттады.
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының Стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Иранның аймақтағы лаңкестік және әсірешілдікке қарсы табандылығы туралы: "Иран осы уақыт аралығында аймақтағы лаңкестік пен әсірешіл-тәкфіршіл ағымдардың алдында табандылық көрсетті. Ресей сияқты кейбір елдер осы осы мәселеге қосылды" деді.