Салехи: Иран "Ортақ қадам" келісімін бұзбайды
Иран Атом Қуаты Ұйымының төрағасы егер қарсы тарап осындай әрекетке бармаса, Иран ислам республикасының "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын бірінші болып бұзбайтынын мәлімдеді.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының төрағасы Әли Акбар Салехи жексенбі күні Теһранда Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкия Аманомен кездесуден кейін өткен ақпарат отырысында осы ұйымның Иранның ядролық бағдарламасы туралы қазірге дейін жариялаған мәліметтеріне сілтеме жасап: «АҚХА- ның есептері Иранның "Ортақ қадам" келісіміндегі өз міндеттемелеріне беріктігіне негізделген» деді.
Аманомен сұхбатта ауыр су, байытылған уран, зерттеу және кеңейту тақырыптарына шолу жасалғанын баяндаған Салехи: «Иран Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің әрдайым бейтарап болуын және оның есептерінің басқалардың ықпалына түспеуін күтеді.
"Ортақ қадам" келісімі тақырыбында Иранның қолы ашық және кез- келген тиісті шараға бара алады» деп баса айтты.
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің бас директоры Юкия Амано да "Ортақ қадам" келісімінің орындалу үдерісіне риза екенін , Иранның "Ортақ қадам" келісімін орындауда өз міндеттемелерін орындағанын мәлімдеп, аталмыш келісімді орындау үдерісінің одан әрі жалғасуына үміт білдірді.