Зариф азиялық алты елге сапар шегеді
https://itolqyn.com/news/iran-i2155-Зариф_азиялық_алты_елге_сапар_шегеді
Иран Сыртқы істер министрі сенбі күні кешке саяси және экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Оңтүстік- Шығыс Азия мен Океанияның алты еліне өзінің кезекті сапарын бастайды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 05, 2016 19:48 Asia/Almaty
  • Зариф азиялық алты елге сапар шегеді

Иран Сыртқы істер министрі сенбі күні кешке саяси және экономикалық жоғары деңгейлі делегацияны бастап, Оңтүстік- Шығыс Азия мен Океанияның алты еліне өзінің кезекті сапарын бастайды.

Доктор Зариф сапармен баратын елдердің қатарын Индонезия, Сингапур, Бруней, Таиланд, Жаңа Зеландия және Австралия құрайды.

Иран СІМ алғашқы қадамда Индонезия астанасы Джакартада Палестина және Құдс Шәріп тақырыбында өтетін Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының төтенше саммитіне қатысу үшін осы елге барады.

Ол саммитте баяндама жасап, Палестина халқы мен Құдс Шәріпті азат етуді қолдаудағы Иранның тұрғыларын баяндайды.

Доктор Зариф содан соң Сингапур мен Брунейге аттанып, сол жерден азиялық ынтымақтастықтар тақырыбында өтетін Сыртқы істер министрлерінің 14- ші саммитіне қатысуы үшін Таиландқа барады.

Жаңа Зеландия және Австралия да Иран Сыртқы істер министрінің осы кезекті сапардағы келесі мақсаты болып табылады.

Осы елдердің қайраткерлерімен кездесіп, әңгімелесу және екі жақты әрі аймақтық байланыстар деңгейін жоғарылатуға шолу жасау доктор Зарифтің Жаңа Зеландия және Австралия сапарының мақсаттары ретінде жарияланды.