Иран Қарулы күштерінің айбынын көрсету – «Велаят аспанын қорғаушылар -7» атты әскери жаттығудың ең маңызды мақсаты
(last modified Thu, 29 Dec 2016 10:09:48 GMT )
Жел 29, 2016 16:09 Asia/Almaty
  • Иран Қарулы күштерінің айбынын көрсету – «Велаят аспанын қорғаушылар -7» атты әскери жаттығудың ең маңызды мақсаты

«Велаят аспанын қорғаушылар -7» әскери жаттығуының ақпарат өкілі ИИР Қарулы күштерінің, әсіресе әуе-қорғаныс күштерінің айбынын аймақ пен әлемге көрсетуді осы әскери жаттығуды өткізудің ең маңызды мақсаты деп атады.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Велаят аспанын қорғаушылар-7» әскери жаттығуының ақпарат өкілі бригада генералы Аббас Фараджпур Аламдари сәрсенбі күні кешке Иранның 1-арнасына берген сұхбатында осы әскери жаттығуды Иран әуе-қорғаныс күштерінің барлық бөлімшелерінде тиісті үйлесімділікті қалыптастырып, бірлікті арттыру үшін жаттығу деп атады.

Фараджпур осы әскери жаттығуға кемінде 17 мың адамның қатысып жатқанын айтып: «Мыңнан астам нүктеде қорғаныс кешендерін сынау, ерекше әрі дағдарысты жағдайда әуе-қорғаныс күштері бөлімшелерінің тактикалық тәуелсіздігін жаттықтыру әскери жаттығудың келесі  мақсаты болды»,-деп мәлімдеді.

«Велаят аспанын қорғаушылар -7» әскери жаттығуының ақпарат өкілі Парсы шығанағындағы Харк аралында «Мерсад» жергілікті зымыранының атылуын Иранның жаңа әскери жетістіктерінің бірі деп атады. Ол С-200 кешені мен жаңа электронды соғыс кешендерінің жұмысын жоғарылатуды Иранның тағы бір жаңа әскери жетістігі деп бағалады.

 

Тегтер