Лариджани: Иран қарсыласу майданында әрдайым Сирияның қасынан табылады
(last modified Mon, 02 Jan 2017 11:10:31 GMT )
Қаң 02, 2017 17:10 Asia/Almaty
  • Лариджани: Иран қарсыласу майданында әрдайым Сирияның қасынан табылады

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Сирияның Сыртқы істер министрімен кездесуінде: «Қарсыласу майданы мен түрлі саяси салаларда Теһран әрдайым Сирия халқына көмектесіп келді. Иран келешекте де қолдау көрсетуін жалғастырады»,- деді.

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани жексенбі күні Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллиммен Теһранда өткен кездесуі кезінде Сирия үкіметі, әскері мен халқын лаңкестікпен күрестегі жеңістері және Алеппо қаласын азат етуімен құттықтап: «Қазір Сирияда қауіпсіздік пен тұрақтылықты қайта орнату үшін қолайлы жағдай қалыптасты»,- деді.

Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Қазақстанның Астана қаласында өтетін басқосуды маңызды деп бағалап, бұл отырысты дұрыс саяси шешім табуға және Сирияда бейбітшілік орнатуға септігін тигізетін әрекет деп атады.

Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллим осы кездесу барысында бұл елдегі қарсыласу бағытындағы жеңістерге сілтеме жасап: «Алеппо қаласындағы жеңіс қарсыласу бағытының күш-құдіреті мен мүмкіндіктерін және лаңкестікпен күрестегі  осы бағыттың маңыздылығын көрсетеді»,- деді.

Әл-Муаллим Теһранның аймақтағы маңызды рөліне сілтеме жасап, Иран мен Ресейге лаңкестікпен күрес жолында Сирия үкіметі мен халқына көрсеткен қолдауы үшін алғыс білдіріп, осы салада бұдан да көбірек ынтымақтастық пен келісімнің қажеттігін баса айтты.