Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: Кесенені қорғаған шәһидтер – бүкіл халықтың мақтанышы
Иран ислам республикасы армиясының командирлері болған кесенені қорғаған жеті шәһидтің отбасылары Ислам революциясының мәртебелі жетекшісімен кездесті.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла улузма Хаменеи ислам республикасы армиясының ержүрек командирлері, кесенені қорғаған жеті шәһидтің отбасыларын қабылдауда шәһидтердің асқақ мәртебесін еске алып: «Бұл шәһидтер тек армияның ғана емес, бүкіл халықтың мақтанышы.
Кейбір шәһидтердің қадірлі зайыптары өз жұбайларын ақтық сапарға шығарып салу кезінде біз сияқты материалдық адамдардың қарапайым түсінік деңгейінен өте жоғары тақырыптарды баяндады.
Кесенені қорғаушы шәһидтер дұшпанды жер жастандырды. Егер АҚШ пен сионизмнің дұшпандығына ұйытқы болып отырған жауыздар мен бүлікшілерге хазірет Зейнабтің кесенесінде тосқауыл қоймағанда Теһран, Фарс, Хорасан және Исфаханда олардың алдын алу керек болатын» деді.
Кесенені қорғаған шәһидтер Сириядағы хазірет Зейнабтің кесенесін қорғау жолында шәһид болды.