Хамадан мен Түркия университеттері арасында ғылыми ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
https://itolqyn.com/news/iran-i2272-Хамадан_мен_Түркия_университеттері_арасында_ғылыми_ынтымақтастық_меморандумына_қол_қойылды
Иранның батысындағы Хамадан қаласының Буали Сина және медицина ғылымдарының университеті мен Түркияның Малатье қаласының İNÖNÜ университеті арасында ғылыммен, ұстаздар және студенттермен алмасу туралы меморандумға қол қойылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 07, 2016 01:16 Asia/Almaty
  • Хамадан мен Түркия университеттері арасында ғылыми ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Иранның батысындағы Хамадан қаласының Буали Сина және медицина ғылымдарының университеті мен Түркияның Малатье қаласының İNÖNÜ университеті арасында ғылыммен, ұстаздар және студенттермен алмасу туралы меморандумға қол қойылды.

Хамадандағы Буали университетінің басшысы Мансур Ғолами Анкарада осы меморандумға қол қою рәсімінен кейін сөйлеген сөзінде меморандумға қол қоюды Хамадан облысы мен Түркия университетінің ғылыми ынтымақтастығын кеңейтудің бастамасы деп атап: «Білім деңгейін арттыру және студенттер мен ұстаздардың ғылыми байланыстарын жоғарылату, сондай- ақ Түркияға студент аттандыру немесе осы елден студент қабылдау қол қойылған меморандумның маңызды мақсаттарына жатады» деді.

Түркияның İNÖNÜ университетінің өкілі Мехмет Донмез де осы рәсімде Иран мен Түркияның мәдени және діни ортақтастықтарына сілтеме жасап: «Хамаданның ғылыми орталықтары мен университеттері халықаралық ынтымақтастық үшін игі мүмкіндіктерге ие. Осы меморандумға қол қою байланыстарды арттыру үшін бастау болады» деді.