Ғасеми: Иранның Сирия дағдарысына қатысты тұрғысы шындыққа негізделген
https://itolqyn.com/news/iran-i22870-Ғасеми_Иранның_Сирия_дағдарысына_қатысты_тұрғысы_шындыққа_негізделген
Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы: «Иран ислам республикасы Сирия дағдарысының ең басынан рационалды және реалистік тұрғылар ұстанды» деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 08, 2017 21:25 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иранның Сирия дағдарысына қатысты тұрғысы шындыққа негізделген

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы: «Иран ислам республикасы Сирия дағдарысының ең басынан рационалды және реалистік тұрғылар ұстанды» деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми «Alalam» телеарнасына берген сұхбатында «Иран Сирияда ымыра орнату үшін өзінің барлық мүмкіндіктерін қолданған жоқ» деген уәжге көрсеткен реакцияда: «Иран Сирияда атысты тоқтату, елдің жер тұтастығын сақтап, ұлттық егемендігін қорғауға және осы елде лаңкестікке қатынас көрсетуге сенімді болған алғашқы ел болды.

Иранның Сирия туралы тұрғылары әрдайым ашық та анық болған, өйткені Иран осы елдегі дағдарыстың әскери шешім жолының жоқ екендігін және соғыстың мәңгі жалғаса бермейтінін қуаттап келеді» деді. Ғасеми аймақтық және аймақтан тыс алпауыттардың Сирияның ісіне араласуына сілтеме жасап: «Сирияда ымыра орнату біршама қиын, бірақ Сирия мен оның халқын құтқару үшін атысты тоқтатудан өзге еш амал жоқ» деді.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы сондай- ақ Астанада өтетін келіссөздер туралы: «Астанада өтетін келіссөздердің тақырыбы «сириялық-сириялық» және шет мемлекеттердің Сирияның ішкі ісіне араласпауы болып табылады. Лаңкестік топтардың осы келіссөздерге қатыстырылмайтындығы даусыз» деді.

Иран, Ресей және Түркия Сыртқы істер министрлерінің Мәскеу отырысындағы келісімінен кейін Сирия үкіметі мен оның қарсыластарының келіссөздері қаңтар айында Астанада өтеді.