Лондонда Түркия үкіметінің саясаттарына қарсы шеру өтті
Нау 07, 2016 15:38 Asia/Almaty
Мыңдаған күрд саяси белсенділер мен соғысқа қарсы азаматтық топтар Түркия үкіметінің күрдтерге қатысты басып-жаншу саясаттарына қарсы Лондонда шеруге шықты.
ИРНА-ның мәліметі бойынша жексенбі күні өткен бұл шеруде шерушілер Түркия үкіметіне қарсы ұрандар айтып, Анкараның күрдтерге қарсы геноцидін тоқтатуды талап етті. Шерушілер ВВС арнасының орталық ғимаратының қасынан өтіп, бұл арнаға қарсы ұрандар айтып, Трафальгар алаңында жиналды.
Аз санды күрд топтарының құқықтарын қорғаушы топ ұйымдастырған бұл шеру "Жасыл партия", «Соғысты тоқтатыңдар!"коалициясы мен TSSA жұмысшылар одағының қолдауына ие болды.
Тегтер