"Ортақ қадам" бағдарламасын қайта қарау халықаралық заңдарға қайшы
Иранның Сыртқы істер министрінің орынбасары Мортеза Сармади: ""Ортақ қадам" бағдарламасы бір тарап қана шешім қабылдай алатындай Иран мен АҚШ арасындағы келісім емес" деді.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Мортеза Сармади жұма күні Теһранда бір ақпарат агенттігіне берген сұхбатта АҚШ-тың сайланған президентінің осы елдің Мемлекеттік хатшысы лауазымына ұсынып отырған адамы Рекс Тиллерсонның билікке жаңа үкімет келген соң "Ортақ қадам" бағдарламасын қайта қарау туралы сөздері жайында: "Бұл көзқарастың ешқандай халықаралық қолдауы мен заңдылығы жоқ. "Ортақ қадам" бағдарламасы Иран мен алты елдің арасындағы келісім. Еуропа одағы мен БҰҰ да бұл келісімді қуаттады. Сол себепті кейбір америкалық басшылар тарапынан бұл келісімді қайта қарау туралы айтылған сөздер пайдасыз. АҚШ-та билікке келетін адамдардың шындықтарға көнуден басқа амалы жоқ. Олар "Ортақ қадам" бағдарламасын неғұрлым жақсырақ, айқынырақ және жылдамырақ орындауға бар күштерін салады" деп қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрінің Еуропа және Америка істері жөніндегі орынбасары Маджид Тахтраванчи да: "ИИР "Ортақ қадам" бағдарламасын қайта қарауға еш жағдайда рұқсат бермейді. Бұл тек Теһранның ғана емес, сондай-ақ, "алтылық" тобына мүше елдердің де ұстанымы болып табылады" деп қуаттады.