Зариф: Азия елдерімен қарым- қатынасты кеңейту Иран үшін маңызды
Иран Сыртқы істер министрі Иранның сыртқы саясатының қағидасын Азия елдерімен, соның ішінде Шри-Ланкамен түрлі салалар бойынша байланыстар мен ынтымақтастықты кеңейту деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Шри-Ланканың Экономика, ғылым мен технология және зерттеулер министрі Сусил Пирима Джайантаны қабылдауда Иран мен Шри- Ланканың байланыстарын байырғы деп бағалап, Иранға қарсы санкциялардың күшінің жойылуымен және қалған қаржылық кедергілердің ығыстырылуымен Иран мен Шри-Ланка халықтарының екі ел байланыстарының көбірек дамуына куә болатындығына үміт білдірді.
Шри-Ланканың Экономика, ғылым мен технология және зерттеулер министрі Сусил Пирима Джайанта да осы кездесуде Иранның өз еліне деген оң көзқарасына ризалық білдіріп, кейбір кедергілердің жойылуымен екі елдің энергия саласындағы ынтымақтастықтарының кеңеюіне үміт білдіріп, Шри-Ланканың бұрынғысынша Ираннан мұнай мен мұнай өнімдерін сатып алуға ынталы екендігін мәлімдеді.
Шри-Ланканың Экономика, ғылым мен технология және зерттеулер министрі ИИР президентінің ғылым мен технология істері бойынша орынбасары Сорна Саттаридың шақыруымен Теһранға сапармен келді.