Салеһи: Иран «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші болып бұзбайды
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын Иранның еш уақытта бірінші болып бұзбайтынын қуаттады.
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Әлиакбар Салеһи сейсенбі күні әл-Джазире телеарнасына берген сұхбатында Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын бірінші болып бұзбайтынын қуаттап: «Егер АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының келісімін жыртып тастаса, Иран еш нәрсесінен айрылмайды. АҚШ «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының келісімін бұзатын болса, Иран өзінің ядролық бағдарламасын америкалықтарды айран-асыр ететіндей қайтадан іске қосады»»,- деді.
Иранның Атом қуаты ұйымының басшысы Теһранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына өзгеріс енгізбейтінін немесе ол туралы қайтадан келіссөздер жүргізбейтінін қуаттап: «Вашингтон ядролық мәселеге қатысты келісімді қабылдауы керек немесе оны бұзуына қатысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алуы керек»,- деді.