Зариф: Иран Сирия бейбітшілігіне қатысты келіссөздерге АҚШ-тың қатысуына қарсы
ИИР Сыртқы істер министрі Астанада өтетін Сирия бейбітшілігіне қатысты келіссөздерге АҚШ өкілінің қатысуына қарсылық білдірді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сейсенбі күні «Тасним» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Астанада өтетін Сирия бейбітшілігіне қатысты келіссөздерге АҚШ өкілінің қатысу ықтималына қатысты Иранның ұстанымы туралы: «Иран америкалықтарды шақырған жоқ. Астана келіссөздеріне олардың қатысуына қарсы»,- деді.
Бұдан бұрын Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сейсенбі күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ-тың жаңадан сайланған Президенті Дональд Трампты Астана келіссөздеріне шақырудың дұрыс іс-әрекет екендігіне күмәнім бар»,- деген болатын.
Өткен дүйсенбі күні Мұхаммад Джавад Зариф пен Сергей Лавров Сириядағы жағдай мен сол елдегі атыстың тоқтатылуы туралы телефон арқылы сөйлесті.