Иран Сот билігінің төрағасы Ливан Хезболласына қарсы астыртын әрекетке реакция көрсетті
Иран Сот билігінің төрағасы Ливан Хезболласын лаңкестік топтар тізіміне қосуды айыптап, оны кейбір батыстық және араб елдері мен Израильдің аймақтағы үлкен астыртын әрекеті деп атады.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иранның Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани Сот билігі басшыларының сәрсенбі күнгі отырысында Парсы Шығанағы Ынтымақтастық Кеңесінің Ливан Хезболласына қарсы өткен аптадағы мәлімдемесіне көрсеткен реакциясында: «Хезболла шын мәнінде сионистік режим алдында ислам және араб елдерінің намысын қорғаған қозғалыс болды.
Ливан Хезболласы аймақтағы араб елдері сионистік режиммен екі соғыста атқара алмаған істі ойдағыдай атқарып, сионистік жауды кері шегінуге мәжбүрледі. Алайда қазір осы исламдық қарсыласу қозғалысына лаңкестік деген айып тағылып отыр» деді.
Аятолла Амоли Лариджани қарсыласу майданы мен Хезболланың өз жолын айбындылықпен жалғастырып, Иранның да осы қозғалысты шәксіз қолдайтындығына сенім білдіріп: «Кейбір араб елдері басшыларының қарсыласу майданына қатысты масқарашылығы мен опасыздығы мұсылман үмбетінің көзінен жасырын қалмайды» деді.