Зариф: "Ортақ қадам" келісімі Иранға қарсы экономикалық санкциялардың күшін жойды
Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы Батыстың Иранға қарсы біржақты экономикалық санкцияларының күшін жойды деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһран сауда палатасының 22-ші отырысында: «"Ортақ қадам" келісімі ядролық мәселелерге біршама қатысты болған Иранға қарсы экономикалық кедергілерді жойды, өйткені ядролық мәселе желеуімен Иранның ісі БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесіне енгізіліп, Иранға қарсы көп санкция салынған еді» деді.
Зариф "Ортақ қадам" келісімінің жетістіктерінің бірін Иранға қатысты әлемдік кеңістікті тыныштандыру болғанын айтып: «"Ортақ қадам" келісіміне шынайы қауіп төніп отырған жоқ».
"Ортақ қадам" келісімінің жетістігі әлемдегі Иран туралы психикалық кеңістікті қайтадан тыныштандыру болды. Сол себепті Иран ислам республикасына қатысты арам пиғылдылар "Ортақ қадам" келісіміне дейін де, одан кейін де тыныштық орнаудың алдын алуға барынша күш жұмсады» деді.