Иран СІМ Трамп үкіметінің шешімін айыптады
Иран СІМ өз мәлімдемесінде АҚШ үкіметінің өз еліне кіруге шектеу қою туралы шешімін ислам әлемі мен Иран халқына ашық түрде тіл тигізу деп атады.
Иран СІМ сенбі күнгі осы мәлімдемеде: «АҚШ үкіметінің өз еліне мұсылмандардың кіруіне шектеу қою туралы шешімі лаңкестікпен күрес және АҚШ халқының қауіпсіздігін сақтау уәждеріне керісінше экстремистер мен олардың демеушілеріне жасалған сыйлық ретінде тарихқа тіркелетін болады.
Әлемдік қауымдастық қатігездік пен экстремизмге түбегейлі қарсы тұруды қажет етіп отырған жағдайда және БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Иранның қатігездік пен лаңкестікке қарсы күреске әлем болып атсалысу туралы ұсынысын бекіткен кезде АҚШ-тың ағат әрекеті, яғни ислам елдері азаматтарына қарсы ұжымдық кемсітушілік әрекеті қатігездік пен экстремизмді тарату мақсатында теріс пайдалануға жағдай жасайды.
АҚШ үкіметінің Иран халқын нысанаға алып, оларды ашық түрде қорлау шешімі АҚШ-тың Иран халқымен достығы туралы бұрынғы уәждерінің негізсіз болғанын көрсетіп, АҚШ үкіметінде әлемнің түкпір-түкпіріндегі барлық ирандықтарға қарсы топтық кектің барын әшкереледі»,-деп баса айтты.