Зариф Иранның қорғаныстық және зымырандық бағдарламасының заңдылығын қуаттады
(last modified Wed, 01 Feb 2017 03:44:07 GMT )
Ақп 01, 2017 09:44 Asia/Almaty
  • Зариф Иранның қорғаныстық және зымырандық бағдарламасының заңдылығын қуаттады

Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Иранның заңды зымырандық бағдарламасы тақырыбының Американың саяси ойындары үшін сылтауға айналуы туралы ескерту жасады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Теһранда Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эромен өткізген ортақ ақпарат отырысында Иранның қорғаныстық және зымырандық бағдарламасының заңдылығын қуаттап: «"Ортақ қадам" жан- жақты бағдарламасының барлық тараптары жария еткендей, Иранның зымырандық тақырыбы "Ортақ қадам" келісіміне жатпайды.

Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарында баллистикалық зымырандар тақырыбы туралы айтылған. Иран ислам республикасы осы қарарды бекіту кезінде тұрғысын ашық жариялаған болатын» деді.

Зариф Иранның қорғаныстық бағдарламалары тақырыбын Қауіпсіздік Кеңесінің №2231 қарарынан тыс деп атап: «Иран ислам республикасы өзін қорғау үшін өзгелерден рұқсат сұрамайды.

Өкінішке орай, "Ортақ қадам" келісімінің кейбір тараптары, әсіресе Америка Иран сияқты "Ортақ қадам" келісіміне табанды емес» деді.