Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі көшет отырғызды
(last modified Tue, 08 Mar 2016 16:15:09 GMT )
Нау 08, 2016 22:15 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі көшет отырғызды

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи сейсенбі күні көшет отырғызды.

Хазірет аятолла улузма Хаменеи сейсенбі күні табиғи байлықтар апталығына орай көшет отырғызған соң адамзат тіршілігінің берекесіне ұйытқы болып табылатын өсімдіктер мен ағаштардың қадірін білуді қуаттап: «Барлық халық пен басшылар жасыл табиғатты, әсіресе ормандар мен жайлауларды қорғауда бір міндет ретінде еңбек етуі керек» деді.

Ол кісі кейбіреулердің ормандарға зиянкестік жасауының салдарынан жергілікті өсімдік түрлерінің құрып кетуіне сілтеме жасап: «Ормандар мен бақтарға зиякестік жасау мүддеге қайшы келеді, сондай-ақ асыл тұқымды жергілікті өсімдіктердің кейбірінің жойылып кету қаупі бар. Сондықтан жасыл табиғатты сақтау мен қорғау баршаның міндеті болып табылады» деді.

Ислам революциясы мәртебелі жетекшісінің көшет отырғызу рәсіміне Ауыл шаруашылығы министрі мен Теһран қаласының әкімі қатысты.