Велаяти: БҰҰ Ирак істеріне шетелдік араласушылыққа тосқауыл қойсын
(last modified Mon, 06 Feb 2017 07:52:42 GMT )
Ақп 06, 2017 13:52 Asia/Almaty
  • Велаяти: БҰҰ Ирак істеріне шетелдік араласушылыққа тосқауыл қойсын

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы: «БҰҰ-ның қолдауымен Ирак халқына көмек көрсетіп, бұл елге шетелдік араласушылықтың алдын алуға болады»,- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының төрағасы Әли Акбар Велаяти БҰҰ-ның Ирак істері жөніндегі арнайы өкілі Ян Кубишпен жексенбі күні Теһранда өткен кездесуінде: «Ирактың территориялық тұтастығын сақтау мақсатында бұл елдің бөлінуіне себеп болатын кез-келген арандатушылықпен күресу қажет. Себебі, Ирак халқының тағдыры аймақтағы елдердің тұрақтылығына да әсер етеді.

Ирак – бес мың жылдық өркениеті бар және мұнай мен газ секілді маңызды потенциалға ие көне елдердің бірі. Бұл елде бейбітшілік орнатуға мүдделі мемлекеттердің жанашырлық көмектері арқылы осы ресурстарды пайдалануға болады»,- деп қуаттады.

БҰҰ Бас хатшысының Ирак істері жөніндегі арнайы өкілі Ян Кубиш те кездесу барысында сөйлеген сөзінде: «Ирак үкіметі мен халқы лаңкестікпен күресте шынайы талпыныстар жасап, жарқын болашақа қарай қадамдар жасады»,- деді.

 

Тегтер