Лариджани: "Ортақ қадам" келісімі туралы қайтадан келіссөз жүргізу қауіпті
ИИР Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы туралы кез-келген келіссөзді қауіпті деп атады.
Халықаралық мәселелердің сарапшысы Мұхаммад Джавад Лариджани Иранның екінші арнасынан жексенбі күні кешке таратылған ақпараттық «Арнайы сұхбат» бағдарламасында америкалықтардың "Ортақ қадам" келісімін бұзудағы жуырдағы шарасына сілтеме жасап: «Тіпті осы бағдарламаның маңызы аз баптары жөнінде де келіссөз жүргізбеу керек, өйткені келісімнің тараптары үшін жақсы нәтижелері болмайды» деді.
Халықаралық мәселелердің сарапшысы Батыстың ислам республикасы жүйесіне соққы беру, лаңкестікті қолдау және Иранға үрке қарау үдерістерін арттыру арқылы исламдық ояну қозғалысын бақылауға ұмтылуына тоқталып: «Олар Иранмен соғысуды ойламайды, өйткені шығыны зор осы соғыстан Иранның табыспен және айбынмен шығатынын біледі.
Америкалықтар тіпті "Ортақ қадам" келісімінен бас тартуды мақсат етпейді. Олардың мақсаты Иранға қысым жасау үшін осы келісімді теріс пайдалану және санкцияларды жалғастыру болып табылады. Бұл жобаны Американың бұрынғы үкіметі бастады. Жаңа санкциялардың тізімі ертеден даярланған» деп, АҚШ президенті Дональд Трамптың Американың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деген желеумен мұсылмандардың Америкаға кіруіне тыйым салу жөніндегі соңғы шешімі масқара және қорлаушы деп атады.
Лариджани сондай- ақ Америка мен Еуропа арасында қалыптасқан жік туралы: «Америкалықтар еуропалықтардың құлдыруынан пайда көреді» деді.