Ислам революциясының жетекшісі сотталғандардың кейбіреуін кешіруге және жазаларын жеңілдетуге келісті
Ақп 09, 2017 12:58 Asia/Almaty
Ислам революциясының жетекшісі Ислам революциясы жеңісінің 38 жылдығына орай сотталғандардың кейбіреуін кешіруге және жазаларын жеңілдетуге келісті.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи сәрсенбі күні қоғамдық және революциялық соттар, Сот ұйымы мен ИИР Қарулы күштерінде сотталған 631 адамның жазасын кешіруге және жеңілдетуге келісім берді.
Ираның сот органының төрағасы аятолла Садеқ Амоли Лариджани Ислам революциясы жеңісінің 38 жылдығына орай Ислам революциясының жетекшісіне хат жолдап, тиісті комиссияда қажетті шарттарға лайық санаған 631 айыптының жазасын кешіруді, немесе жеңілдетуді, яки ауыстыруды сұрады. Аятолла Хаменеи бұл ұсынысқа келісті.