Буруджерди: «Ортақ қадам» бағдарламасының құпия құжаттарын жариялау МАГАТЭ-нің мүддесіне қайшы
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы: «Иранның ядролық келісіміне қатысты құпия құжаттардың жариялануы Атом қуаты халықаралық агенттігіне деген сенімді түйткілге тірейді»,- деді.
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат жөніндегі комиссиясының төрағасы Алаэддин Буруджерди жексенбі күні Иран Мәжілісі ақпарат агенттігіне берген сұхбатында АҚШ президенті Дональд Трамптың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты құпия ақпараттың жариялану ықтималдығы жайлы: «Иран бұл құпия құжаттардың жариялануын қолдайды, себебі ол Иранның дұрыстығы мен міндеттемесін екі есе қуаттай түседі. Егер Трамп Иран мен МАГАТЭ арасындағы құпия құжаттарды жариялағысы келсе, онда МАГАТЭ тарапынан жасалған келісім бұзылады. Себебі, МАГАТЭ өзінің Иранмен жасаған ядролық келісіміне қатысты құпия құжаттарды ешбір мемлекетке, соның ішінде АҚШ-қа бермеуге міндеттелген болатын»,- деп мәлімдеді.
Иран мен «алтылық» топ 2015 жылдың маусым айының он төрті күні Теһранмен ядролық келісімге қол қойды.