Амир Абдоллаһиан: Сирия Сауд Арабиясы үшін батпақ болады
Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка істері жөніндегі орынбасары Сирияны Сауд Арабиясы үшін үлкен батпақ деп атады.
Иран Сыртқы істер министрінің Араб-Африка істері жөніндегі орынбасары Хусейн Амир Абдоллаһиан «Дипломат» басылымына берген сұхбатында Сауд Арабиясы құрлық күштерінің Сирияға ену ықтималы туралы: «Сауд Арабиясының максималды әлеуеті мынадай: бұл ел бірқатар күшін ДАИШ-ке қарсы коалицияның құрамында Сирияға жібере алады. Бірақ Сирия бұл мемлекет үшін жаңа батпақ болады. Лаңкестік топтар заңды саяси жүйені құлата алады деген пікір таралмауы қажет. Сирия дағдарысы әскери жолмен шешілмейді. Сирияның саяси жүйесі де Иранның «қызыл сызығы». Теһран Сирияға, Сирия халқы мен наразыларына қолдау көрсетіп, әлемге «Иран лаңкестерге одақтастарын құлатуға рұқсат етпейді» деген жолдауды жеткізеді. Иран Ресеймен бірге саяси, қауіпсіздік деңгейде және Қорғаныс министрлігінің қайраткерлерімен жақын қарым-қатынас орнатып, Сирияға қатысты маңызды кеңестер өткізуде» деп мәлімдеді.