Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: Арабстан бос қиялға беріліп отыр
https://itolqyn.com/news/iran-i24320-Иран_СІМ_нің_ақпарат_хатшысы_Арабстан_бос_қиялға_беріліп_отыр
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Сауд Арабиясы бос қиялға беріліп, қателіктерінің салдарынан қиыншылықтарға тап болды" деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 14, 2017 15:19 Asia/Almaty
  • Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: Арабстан бос қиялға беріліп отыр

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы: "Сауд Арабиясы бос қиялға беріліп, қателіктерінің салдарынан қиыншылықтарға тап болды" деді.

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми "әл-Алам" арнасына берген сұхбатында Арабстанның Иранға қарсы ұстанымдарына тоқталып: "Сауд Арабиясы басқа алпауыт елдер мен сионистік режим сияқты кейбір режимдердің ықпалымен аймақ пен әлемде өз басына көптеген қиыншылық тудырып жатыр. Саудиялықтардың соңғы жылдардағы Иранға қарсы ұстанымдары оның аймақ пен Иранның жағдайы туралы хабарсыздығы мен мағлұматтарының жеткіліксіздігін көрсетеді" деді.

Ғасеми Арабстан мен аймақтағы басқа елдерге АҚШ-та жаңа президент билікке келгеннен кейін тарихи қателікке тап болмауға кеңес беріп: "Аймақтағы елдер аймақтан тыс елдердің саясаттарына байланысты өз тағдырларын бұзбауы керек" деді.

Иранның СІМ-нің ақпарат хатшысы сонымен қатар Дональд Трамптың үкіметі кезінде де АҚШ-тың Иранға қарсы дұшпандығының жалғасуы туралы: "Иран АҚШ-тың дұшпандығының жалғасатындығына алаңдамайды. Себебі америкалықтар Иранның аймақтағы жағдайы мен күш-құдіретін түсінді. Иранның күш-құдіреті дұшпандармен күресуді және басқа елдерге сүйенуді қажет етпейді" деді.