Зариф: АҚШ әскерилерінің Сирия жеріне кіруі тұрақсыздықтарға соқтырады
https://itolqyn.com/news/iran-i24426-Зариф_АҚШ_әскерилерінің_Сирия_жеріне_кіруі_тұрақсыздықтарға_соқтырады
Иранның Сыртқы істер министрі жұма күні өткен Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы барысында америкалық CNN телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ үкіметінің әскери күштерінің Сирияға кіру мақсатындағы жобасы аймақ пен әлемдегі тұрақсыздықтың артуына соқтырады»,- деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 18, 2017 14:40 Asia/Almaty
  • Зариф: АҚШ әскерилерінің Сирия жеріне кіруі тұрақсыздықтарға соқтырады

Иранның Сыртқы істер министрі жұма күні өткен Мюнхен Қауіпсіздік конференциясы барысында америкалық CNN телеарнасына берген сұхбатында: «АҚШ үкіметінің әскери күштерінің Сирияға кіру мақсатындағы жобасы аймақ пен әлемдегі тұрақсыздықтың артуына соқтырады»,- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мохаммад Джавад Зариф америкалық әскерилердің Ирак жерін басып алуының ДАИШ лаңкестік тобының пайда болуымен аяқталғанына сілтеме жасап: «Сирия жерінде шетелдік әскерилерінің орналасуы лаңкестік топтар үшін кедей жастардың арасынан жаңа жауынгерлерді тартуға сылтау болады.

ДАИШ-ті құрғандар Ирактың бұрынғы диктаторы Саддам Хусейнге қару берген және Әл-Каиданы құрып, оны қару-жарақпен қамтамасыз еткен адамдар болып табылады»,- деп мәлімдеді.

Зариф сондай-ақ АҚШ-тың жаңа үкіметінің Иранға қарсы әрекеттері жайлы: «Иранды бұрын білетін адам ирандықтардың ешқашан қоқан-лоққыларға мән бермегенін, тек өзара құрмет пен ортақ мүдделерге ғана жауап беретінін біледі»,- деді.

Мохаммад Джавад Зариф ядролық келісімді сақтау туралы халықаралық консенсуске сілтеме жасап: «Барлығы, әсіресе америкалық мамандар мұның кез-келген тұрғыдан тек Иран үшін ғана емес, АҚШ үшін де ең тиімді келісім екенін біледі»,- деді.