Ғасеми: Сауд Арабиясы мен Израильдің Иранға қарсы позицияларының бағыттастығы кездейсоқ емес
https://itolqyn.com/news/iran-i24492
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мюнхенде өткен қауіпсіздік саммитында Сауд режимінің Сыртқы істер министрі мен сионистік режимнің Соғыс министрінің Иранға қарсы позицияларының бағыттастығының кездейсоқ еместігін айтып: «Көптеген куәлер мен құжаттар бұл екі режимнің аймақтық мәселелерде бір-бірімен үйлесе әрекет етіп отырғанын көрсетеді»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 20, 2017 14:25 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Сауд Арабиясы мен Израильдің Иранға қарсы позицияларының бағыттастығы кездейсоқ емес

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Мюнхенде өткен қауіпсіздік саммитында Сауд режимінің Сыртқы істер министрі мен сионистік режимнің Соғыс министрінің Иранға қарсы позицияларының бағыттастығының кездейсоқ еместігін айтып: «Көптеген куәлер мен құжаттар бұл екі режимнің аймақтық мәселелерде бір-бірімен үйлесе әрекет етіп отырғанын көрсетеді»,-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми дүйсенбі күні таңертең: «Бұл екі режим өздерінің аймақтағы сансыз сәтсіздіктері мен жеңілістерін өтеу үшін халықаралық кеңістікті Иранға қарсы арандату керек деп ойлайды. Аймақтың жапа шеккен халқына қарсы күресте үйлесе әрекет ететін осы екі режимнің уәждерінің қауқарсыздық пен өзін-өзі алдаудан туындайтын қайталамалы сөздер екендігі күмәнсіз. Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрінің лаңкестіктің көздері мен ДАИШ-тың демеушілері туралы жалған айыпты қайталауы ешқашан Сауд режимі мен тәкфиршіл лаңкестер арасындағы идеология, жаттығу, қаржымен қамтамасыз ету және барлау саласындағы байланыстарының ұмытылуына себеп болмайды. Олардың аймақ пен әлемнің жазықсыз халықтарына қарсы қылмыстары бүкіл әлемге айқын»,-деді.

Израильдің Соғыс министрі мен Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрінің ИИР-ның лаңкестікті қолдайды деген уәждері Батыстың барлау қызметтерінің мәліметтері бойынша осы екі режим Сирия мен Иракта лаңкестермен тығыз байланыста болған жағдайында айтылды.