Ислам революциясының жетекшісі Иранның оңтүстігіндегі халықтың қиындықтарын шешуді тездету қажеттігін қуаттады
(last modified Mon, 20 Feb 2017 08:51:40 GMT )
Ақп 20, 2017 14:51 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі Иранның оңтүстігіндегі халықтың қиындықтарын шешуді тездету қажеттігін қуаттады

Ислам революциясының жетекшісі Иранның оңтүстік өңірлерінде су тасқыны мен шаң-тозаң салдарынан туындағын қиындықтар мен ауыр зияндарға тоқталып, осы мәселелерді шешу үшін жауапты басшылар мен халықтың шара ойластырып, кесімді түрде әрекет етуі қажеттігін айтты.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи дүйсенбі күні таңертең фикһтен тысқары тақырыбына арналған сабақтың басында Иранның оңтүстігіндегі екі су тасқыны барысында халық үшін туындаған қиындықтарды көргеніне тоқталып: «Су тасқыны – үлкен апат. Ол халық пен жанұяларға ауыр шығын әкеледі. Оңтүстік өңірлерде су тасқынына ұшыраған халыққа көмектесу – міндет»,-деді.

Ислам революциясының жетекшісі Хузистан облысының осы күндердегі судың тоқтауы  мен электр желілерінің үзілуі, күннің сууы салдарынан байланыс құралдарының бұзылуы мәселелерін халық душар отырған ауыр қиындықтардың бірі деп атап: «Жауапты басшылар осы мәселелерді шешуге міндетті. Халықтың қамын ойлайтын жауапты басшылар Хузистан облысының ауыр қиындықтарына қатысты бейжай қала алмайды. Халықтың қамын ойлау – үкіметтердің кесімді, төтенше және әрдайымғы міндеті. Халықтың өміріндегі қиындықтарды сезініп, оларды шешу үшін шара ойластырып, талпыныс пен жұмыс жасап, тілеулестік пен жанашырлық білдіру керек»,-деді.

 

Тегтер