Велаяти: Иран Түркияның жағдайын түсінеді
https://itolqyn.com/news/iran-i24568-Велаяти_Иран_Түркияның_жағдайын_түсінеді
Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Иранның Түркияның жағдайын түсінетіндігіне сілтеме жасап: «Анкара әр тұрғыдан қысым көріп келді. Төңкерістің әсерлері әлі байқалуда» деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 22, 2017 14:21 Asia/Almaty
  • Велаяти: Иран Түркияның жағдайын түсінеді

Иранның Жүйе мүддесін анықтау алқасының стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Иранның Түркияның жағдайын түсінетіндігіне сілтеме жасап: «Анкара әр тұрғыдан қысым көріп келді. Төңкерістің әсерлері әлі байқалуда» деді.

Әлиакбар Велаяти Сирия Мәжіліс төрайымы Һедие Аббаспен кездесуінде Түркия басшыларының Иранға қарсы жуырда айтқан уәждері туралы: «Анкара Сирияға қатысты жариялаған өзінің мақсаттарының ешбіреуіне жетпеді»,- деді.

Велаяти Түркия басшыларының Дамасктің Амави мешітінде намаз оқымақ болғанын айтып: «Олар армандарына жете алмады. Келешекте де жетпейді. Соңында жеңімпаз тарап Сирия халқы мен үкіметі болады»,- деп қуаттады. Велаяти сондай-ақ Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрі Адель Джубейрдің Мюнхенде өткен Қауіпсіздік конференциясындағы негізсіз уәждеріне тоқалып: «Иран оның ақылсыз сөздерін тыңдауға үйренгендіктен оған мән бермейді. Иран Ирак пен Сирияның ресми үкіметтерінің шақыруымен бұл елдерге келіп, оларға кеңесші ретінде көмектесуде. Бұл елдерге шақырусыз,  рұсқатсыз кіргендер – басқыншылар. Сондықтан олар Ирак пен Сириядан шығуы керек»,- деп қуаттады.