Күпіршілік пен екіжүзділікке қарсы күресте пәк имамдарды үлгі тұту қажет
Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.)-ның қадірлі қызы әрі шиіттердің бірінші имамы хазірет Әли (ғ.с.)-ның өмірлік серігі хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.)-ның шәһид болған күнінің жылдығы қарсаңында бейсенбі күні кешке діни шайырлар Ислам революциясының жетекшісімен кездесті.
Аятолла Хаменеи кездесуде исламның басындағы оқиғаларды бүгінгі оқиғалармен байланыстыруды поэзия мен діни шайырлар үшін маңызды жолдау деп атап: «Исламның ұлық пайғамбары мен пәк имамдар зұлымдық, тағұт, күпірлік, екіжүзділік пен бұзықтыққа қарсы күресті. Сондықтан залым басышлардың қолынан өлімге ұшырады»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі күпіршілік пен екіжүзділікке қарсы күресте пәк имамдарды үлгі тұту қажет деп қуаттап: «Әлемдік күпіршілік пен екіжүзділікке қарсы күресу Ислам республикасында оңай әрі мүмкін іс. Аймақтың кейбір үкіметтерінің кесірінен АҚШ-қа білдірген азғана жеккөрініш те олардың ашу-ызаларына себеп болады. Залымдарға қарсы күрес тек семсермен күресу емес. Бүгінде үгіт-насихат бірінші орында. Яғни, залымдарға қарсы сөз және өлеңмен де күресуге болады. Өткен жылдары бұл салада көптеген жақсы әрі үміттендіретін еңбектер жарық көрді»,- деді.
Өмір сүру тәсілі және діни ақындардың оған қатысты міндеттері Ислам революциясының жетекшісі тоқталған келесі мәселе болып, ол хазірет: «Бүгін Еуропа мен АҚШ-та батыстық емес елдердің, әсіресе исламдық Иранның өмір сүру тәсілін өзгертуді көздеген анықталған мақсаттарға ие орталықтар мен органдар құрылған»,- деп ескертті.
Аятолла Хаменеи исламдық өмір сүру тәсіліне қарсы болудың мақсатын бұл елдердің жігері мен іс-әрекеттерін Батыс органдардың қалауына сай өзгерту деп атап: «Бұл шабуылдарға қарсы тұру үшін өзін қорғап, қамалмен қоршау жеткіліксіз. Исламдық өмір сүру тәсілі мен ахлақи, саяси және мәдени түсініктерді өлең түрінде баяндап, міндеттерді орындауға болады»,- деді.