Лариджани: Аймақтағы лаңкестік дағдарысы сионистік режимнің Палестина мәселесіне қатысты дәмесін арттырып отыр
(last modified Sun, 26 Feb 2017 02:42:16 GMT )
Ақп 26, 2017 08:42 Asia/Almaty
  • Лариджани: Аймақтағы лаңкестік дағдарысы сионистік режимнің Палестина мәселесіне қатысты дәмесін арттырып отыр

Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы: «Таяу Шығыс аймағындағы ислам елдерінің арасындағы бытыраңқылық пен лаңкестік дағдарыстар сионистік режимнің Палестина мәселесіне қатысты дәмесінің артуына себеп болып отыр» деді.

ИРНА-ның сенбі күнгі хабарлауынша, Иран ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани Палестина халқының интифазасын қолдау жөніндегі алтыншы конференцияның өткізілуі аясында Алжирдың "әл-Хабар" газетіне берген сұхбатында Батыстың Иранға қарсы қысымдарының себебін Теһранның Палестина мәселесіне қатысты ұстанымдары деп атап: «Аймақтағы ислам елдеріндегі лаңкестік дағдарыстар сионистік режимді ислам елдерінің ішкі мәселелерін ұлғайту мен өршіту фкаторына айналдырды. Сионистік режим "ән- Носрат майданы" лаңкестік тобын қолдап отырғанын мойындаған» деді.

Лариджани Батыстың ислам революциясынан 38 жыл өтсе де Иранмен дұшпандықты жалғастыруы жөнінде: «Дұшпандықтардың себебі Иранның тәуелсіздігі, арман-мақсаттарынан қайтпауы мен Теһранның Палестинаға қатысты тұрғылары болып табылады.

Иранға қарсы санкциялар Иранның өзіне-өзі иек артуы мен өнеркәсібі мен технологиясының ілгерілеуіне себеп болған. Сондықтан Теһран өз жолын жалғастыруға ынталы» деп ескерді.