Арабстанның мұнай өндірісі туралы ұстанымы өзгерді
https://itolqyn.com/news/iran-i247
Арабстан мұнай бағасының төмендеуі үдерісі жалғасуының алдын алу үшін мұнай өндірушілерімен әріптестік жасауға мүдделік танытты.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 02, 2016 19:06 Asia/Almaty
  • Арабстанның мұнай өндірісі туралы ұстанымы өзгерді

Арабстан мұнай бағасының төмендеуі үдерісі жалғасуының алдын алу үшін мұнай өндірушілерімен әріптестік жасауға мүдделік танытты.

"Әл-Әлам" телеарнасының дүйсенбі күні арабстандық ақапарат көздеріне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Рияд ОПЕК-тің барлық өндірушілері ынтымақтастық жасаған жағдайда мұнай нарығын басқару саласында әріптестік жасауға әзірлігін мәлімдеді.

Rai al-Youm трансаймақтық газеті де Риядтың мұнай бағасына қатысты ұстанымының өзгергені туралы мәлімдеген осы арабстандық хабардар көздің Сауд Арабиясының Мұнай министрінің орынбасары шахзада Абдолазиз бен Салман екенін жазды.

Әл-Әлам Сауд әулеті ұстанымын өзгертуінің себебін саудиялықтардың кейбір елдердің, соның ішінде, Йемен мен Сирияның ішкі істеріне әскери араласушылығы салдарынан Арабстанда пайда болған қаржы дағдарысы мен бюджет жетіспеушілігі деп атады.

Арабстан күніне 10 миллион баррельден артық мұнай өндіреді. Екі жыл бұрын мұнайдың бір баррель үшін әлемдік бағасы 110 долларды құраған. Бірақ қазір бұл көрсеткіш бір баррель үшін 30 долларға дейін түскен.