"Велаят-95" жаттығуында Иран ислам республикасы армиясының стратегиялық теңіз күші жаңа торпеда атты
(last modified Tue, 28 Feb 2017 17:04:48 GMT )
Ақп 28, 2017 23:04 Asia/Almaty

Иранның оңтүстік суларында өтіп жатқан "Велаят-95" теңіз жаттығуының соңғы күні – бүгін сейсенбіде "Ғадир" сүңгуір қайығынан Иран армиясының стратегиялық теңіз күшінің "Валфаджр" атты жаңа торпедасы сәтті атылды.

"Велаят-95" атты үлкен теңіз жаттығуының соңғы күні жаттығудың жалпы аймағына аттандырылған және жағалаудан 100 шақырым қашықтыққа орналастырылған сүңгуір қайықтар барлау құрылғыларын пайдалану арқылы су деңгейіндегі жүзбелі нысандарды анықтап, деңгейге қарсы торпеда атып, жүзбелі бөлімшелерді жою амалдарын сәтті орындады.

Жаттығудың осы күні сондай-ақ ИИР армиясының стратегиялық теңіз күшінің әуе бөлімшесінің сүңгуір қайыққа қарсы тікұшақтары барлауға шығып, ұшуы барысында сүңгуір қайықтарды табу құрылғысын қолдану арқылы жаттығу аумағында су астындағы нысандарды табумен қоса жаңартылған торпедаларды атунәтижесінде олардың көзін жойды.

Осы шарамен бір мезгілде ракета және пулеметпен жабдықталған Иран армиясының екі теңіз тікұшағы жүзбелі нысандарды зымыранмен атты.

 

 

 

 

Тегтер