Арақчи: Трамптың "Ортақ қадам" келісімін ұзартудан басқа амалы жоқ
Нау 04, 2017 22:31 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрінің құқықтық және халықаралық істер бойынша орынбасары Аббас Арақчи Теһранда «"Ортақ қадам» келісімі және қарсыласу экономикасы"» атты республикалық конференцияда сөйлеген сөзінде: «Дональд Трамп "Ортақ қадам" келісімін сараптаудан өткізіп жатыр. Ол 2017 жылдың мамыр айының орта шеніне дейін Иранға қарсы санкцияларды тоқтатуды ұзартуы керек. Сол кезге дейін АҚШ- тың жаңа үкіметінің саясатының қалай болатыны анықталады.
Қазіргі жағдайда АҚШ президентіне қарсы ұжымдық пікір қалыптасқан. Сондықтан Дональд Трамптың "Ортақ қадам" келісімін ұзартудан басқа амалы жоқ. Егер "Ортақ қадам" келісімін бұзатын болса, оның шығыны өзіне жүктеледі» деді.
Тегтер