Ормандар мен ресурстар саудагерлердің қолсұғушылығынан сақталуы тиіс
«Табиғи байлықтар» апталығында ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бүгін, сәрсенбі күні жеміс ағашының екі көшетін отырғызды.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи жасыл кеңістік пен өсімдіктердің маңыздылығына сілтеме жасап: «Шаң-тозаң мен ауаның ластануы және қалалардың ауасының таза болмауынан туындайтын көптеген салдарлардың себебі өсімдік тапшылығынан болып отыр. Иранның климаттық жағдайы мен далалық аймақтардың ауқымдылығына байланысты өсімдіктерді сақтаудың маңызы артады» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі түрлі дәрілік қасиеті бар өсімдіктерге ие жайлаулардың болуы мен солтүстіктегі ормандарды Иранның жасыл кеңістігінің артықшылықтары деп атап: «Иранның солтүстігіндегі бағалы ормандар әлемдегі теңдессіз ормандарға жатады, бірақ кейбір саудагерлер ұлттық мүддеге көзжұмбайлық танытып, ормандар мен мемлекеттің байлықтарына қол сұғып отыр. Ормандарды қолсұғушылықтан сақтау керек. Ормандар, жайлаулар және егістік алқаптары бөлімінің басшылары осы ұлттық ұлы байлықты сақтауға талпыныс жасауы керек» деді.
Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай-ақ ағаш егу рәсімін халықтың Иранның жасыл желекті табиғатына деген құрметінің белгісі деп атады.
5- ші наурыз Иранда көшет отырғызу күні деп аталған.