Иран ислам революциясының Сақшылар корпусы теңіз баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді
https://itolqyn.com/news/iran-i25060-Иран_ислам_революциясының_Сақшылар_корпусы_теңіз_баллистикалық_зымыранын_сынақтан_сәтті_өткізді
Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы "Ормуз-2" зымыранының сынақтан сәтті өткенін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 10, 2017 19:51 Asia/Almaty
  • Иран ислам революциясының Сақшылар корпусы теңіз баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді

Иран ислам революциясы Сақшылар корпусының әуе-ғарыш күшінің қолбасшысы "Ормуз-2" зымыранының сынақтан сәтті өткенін хабарлады.

"Пресс ТВ-дің " хабарлауынша, бригада генералы Әмир Әли Хаджизаде бейсенбі күні Теһранда: «Сақшылар корпусы соңғы күндері "Ормуз-2" атты бір теңіз баллистикалық зымыранын сынақтан сәтті өткізді. "Ормуз-2" зымыраны 250 шақырым жердегі нысананың көзін жойды» деді.

Бұл зымыран Иранның оңтүстігінде Оман теңізіндегі Макран жағалауларынан өте кішкентай бір нысанаға атылып, соған дәл тиді.

"Ормуз-2" зымыраны теңіз деңгейіндегі жылжымалы нысаналарды жоғары дәлдікпен көздей алатын теңіз баллистикалық зымыраны болып табылады. Ол 300 шақырымға дейін ұшады.