Зариф: Аймақ мемлекеттерімен жан- жақты ынтымақтастық жасау - Иранның негізгі бағдары
https://itolqyn.com/news/iran-i2527-Зариф_Аймақ_мемлекеттерімен_жан_жақты_ынтымақтастық_жасау_Иранның_негізгі_бағдары
Иран Сыртқы істер министрі аймақ мемлекеттерімен жан- жақты ынтымақтастық жасауды Иран Ислам Республикасының сыртқы саясатындағы маңызды да негізгі бағдар деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 10, 2016 22:55 Asia/Almaty
  • Зариф: Аймақ мемлекеттерімен жан- жақты ынтымақтастық жасау - Иранның негізгі бағдары

Иран Сыртқы істер министрі аймақ мемлекеттерімен жан- жақты ынтымақтастық жасауды Иран Ислам Республикасының сыртқы саясатындағы маңызды да негізгі бағдар деп атады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Азиядағы Серіктестік Диалогы Ассамблеясына мүше елдер министрлерінің 14- ші отырысына қатысу үшін Таиландқа сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бүгін бейсенбі күні осы саммитте сөйлеген сөзінде: "Азиядағы Серіктестік Диалогы Ассамблеясы өзге аймақтық ұйымдармен, соның ішінде Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымымен аймақтық ықпалдастық пен Азияның дамуына көмегін тигізе алады.

Иран Азиядағы Серіктестік Диалогы Ассамблеясының мәдени жобасында көшбасшы болып табылады. Осы негізде ынтымақтастық жасау үшін Теһранда бір орталық іске қосылды. Ол Азиядағы ұлттардың түсіністігіне, ықпалдастығы мен бірлестігіне көмектеседі» деді.

Иран Сыртқы істер министрі сондай- ақ Иранның Азиядағы Серіктестік Диалогы Ассамблеясына мүше елдердің Туризм министрлерінің алғашқы саммитін 2016 жылдың қыркүйек айында Иранда өткізуге әзірлігін жариялады.