Революция жетекшісінің 1395 жылы айтқан ең маңызды сөйлемі
(last modified Mon, 20 Mar 2017 07:57:23 GMT )
Нау 20, 2017 13:57 Asia/Almaty
  • Революция жетекшісінің 1395 жылы айтқан ең маңызды сөйлемі

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла әл-узма Хаменеидің х.ш.ж.с.б. 1395 жылы айтқан "Егер америкалықтар "Ортақ қадам" келісімін жыртып тастаса, біз оны отқа жағамыз" деген сөзі халық арасындағы сауалнама бойынша ең маңызды сөйлем ретінде танылды.

Хазірет аятолла Хаменеидің еңбектерін сақтау және жариялау кеңсесінің жексенбі күнгі хабарлауынша, Khamenei.ir ақпарат агенттігінің 2017 жылы наурыздың 12-17 аралығында «Ислам революциясы жетекшісінің биылғы ең маңызды сөйлемі» атты өткізген сауалнамаға сәйкес, осы веб-сайтты пайдаланушылардың пікірі бойынша "Егер америкалықтар "Ортақ қадам" келісімін жыртып тастаса, біз оны отқа жағамыз" деген сөйлем таңдалған болатын.

Революция жетекшісінің бұл сөйлемі АҚШ-тың жанжалды президенті Дональд Трамптың "Ортақ қадамды" жыртып тастау туралы қайта-қайта айтқан мәлімдемелеріне жауап ретінде айтылған еді.

Революция жетекшісі өткен жылдың маусым айындағы жүйе басшыларымен кездесуі кезінде: «"Ортақ қадам" келісімін біз өзіміз бірінші бұзбаймыз. Бірақ АҚШ президенттігінің үміткері әрдайым "Біз оны жыртып тастаймыз, бұзамыз" деп айтқандай, қарсы тарап бұл бағдарламаны жыртатын болса, біз оны отқа жағамыз",- деп айтқан еді.

Ал "Халық шағымдануда" және "Хоррамшахрлықтар алда келе жатыр" деген сөйлемдері халықтың пікірі бойынша революция жетекшісінің х.ш.ж.с.б. 1395 жылы айтқан сөйлемдерінің маңыздылығы тұрғысынан екінші және үшінші орындарға ие болды.

 

Тегтер