Ислам революциясы жетекшісінің наурыздық жолдауы – Иран халқының болмысы мен ғиззатын қуаттау
Иран Ислам революциясының жетекшісі хижри шамси күнтізбесі бойынша 1396 жылдың келіп жетуіне орай жолдаған үндеуінде ирандықтарды, әсіресе шәһидтер мен жанкештілердің, ардагерлердің құрметті отбасыларын хазірет Фатеме-Заһраның туған күні және Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа жылдың Иран халқы мен әлем мұсылмандары үшін берекеге толы, қауіпсіздік пен бақуатты жыл болуын тілеп, 1396 жылды "Қарсыласу экономикасы: өндіріс пен жұмыспен қамту" жылы деп атады.
Иран халқы Ислам революциясының жеңісінен шамамен 40 жыл өткен жағдайда көптеген дағдарыстар мен қоқан-лоққылардан өтті. Бұл дағдарыстардың көбіне АҚШ пен Батыс үкіметтерінің Иран халқына зардап келтіру саясаттары себеп болды. Бүгін де қоқан-лоққылар аяқталмай, экономикалық тұрақсыздық тудыру түрінде жалғасуда. АҚШ өткен 30 жылдан артық уақытта Иранға қарсы әртүрлі санкция салды. Бірақ солардың нәтижесінде Иран халқы одан сайын күшейе түсті. Ислам революциясы жетекшісінің жаңа жылдық жолдауы бұл маңызды мәселені қайтадан қуаттады. Ислам революциясының жетекшісі: "Иранның абырой-беделі мен ғазиз халықтың болмысы 1395 жылдың барлық оқиғаларынан көрініс тапты. Әлемнің барлық жеріндегі дұшпандар Иран халқының айбыны мен ұлылығын мойындады",- деп баса айтты.
Иран халқы Жаңа жылды көршілес мемлекеттер мен аймақ елдері бейберекеттіктерге душар болып отырғанына қарамастан, аймақтық және халықаралық бейберекеттік кеңістігіндегі қауіпсіздігі маңызды көрсеткіш болып, халқы тұрақты қауіпсіздікте өмір сүріп жатқан жағдайда талпыныс және табыспен бастауда.
Қысымдар мен қастықтарға қарамастан Иранның тұрақтылық пен қауіпсіздік саласындағы жетістіктері Иран халқының дамуына тосқауыл қоюға болмайтынын көрсетеді. Бұл факторлар дамуға себеп болады. Сондықтан Ислам революциясының жетекшісі дұшпанның экономикалық соғысы мен Иранға қарсы қысымдары мен санкцияларынан толық хабардар болып, әрқашан экономикалық инфрақұрылымдарды нығайту қажеттігін және осы салада әрекет ету қажет екенін қуаттады. Хазірет бұл салада орта және ұзақ мерзімді стратегиялар ұсынып, әр жылды «өзгеру – тұтыну үлгісі», «екі есе жігер, екі есе жұмыс», «экономикалық жиһад», «экономика мен мәдениет, ұлттық жігер мен әлемдік басқару» деп атап, қарсыласу экономикасы даму жолын анықтады.
Аятолла Хаменеи өткен 1395-ші жылды «Экономикалық қарсыласу: әрекет пен ғамал», 1396-шы жылды «Экономикалық қарсыласу: өндіріс пен жұмыспен қамту» деп атап, экономикалық үлгінің маңыздылығын қуаттады. Әрине, экономикалық тұрақты қауіпсіздікке жеткізетін жолдардың бірі – экономикалық қарсыласу. Аятолла Хаменеи өз жолдауында «экономикалық қауіпсіздік» терминінің анықтамасын беріп, оның маңыздылығы мен қажеттілігін еске салып, барлық салалардағы талпыныстарды жалғастыру қажеттігін қуаттады. Қарсыласу экономикасын іске асыру саласындағы кез келген әлсіздік жылдан жылға артып келе жатқан қысымдардан көретін шығындарды арттырады. Ислам революциясының жетекшісі наурыздық жолдауында халықтың 22-ші баһман күнгі шерулерге ықыласпен әрі ауқымды түрде қатысуын Америка президентінің құрметсіздігіне берілген жауап деп атап, Құдс күнгі шерулердегі де халықтың орасан жиынын Иран халқының жоғары болмысы мен мақсаттарының белгісі деп бағалады.