Ислам революциясының жетекшісі: Менің талабым – отандық өндірісті қолдау
Иран Ислам революциясының жетекшісі сейсенбі күні Мешһед қаласындағы имам Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесінде жиналған зияратшылардың алдында сөйлеген сөзінде жаңа 1396-шы жылды басты бғадарға ие экономикалық жұмыстар үшін маңызды жыл деп қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, аятолла Хаменеи дұшпанның мақсатын Иран халқына экономикалық қысым жасау деп атап: «Олар халықты Иранның исламдық республика жүйесінен алыстатқысы келеді. Бүгін Иран халқының басты мәселесі – экономика. Мықты экономикасыз ғиззат пен тұрақты қауіпсіздікке жетуге болмайды. Сондықтан ұлттық бірлік және халық пен жүйенің байланысынсыз бұл талаптарға жете алмайтын нәрселерді қамтамасыз етуіміз керек»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі елдегі өндірісті дамыту саласындағы басшылардың маңызды рөлін қуаттап: «Халықтың өз жауапкершілігін сезуі де отандық өндірісті дамытудың маңызды мәселесінің бірі»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі елдің қорғаныс және әскери жетістіктерін өте маңызды деп бағалап: «Ислам революциясына дейін әскери тұрғыдан шетелге, тіпті АҚШ сынды дұшпанға тәуелді болған мемлекеттің бүгінгі жұмыстары дұшпанның көзіне түсіп, оның ашу-ызасына себеп болып отыр»,- деді.
Ислам революциясының жетекшісі сайлау мәселесіне тоқталып: «Сайлау біздің еліміз үшін өте маңызды. Президенттік сайлау ғана емес, Мәжіліс пен кеңестердің сайлаулары да маңызды. Сайлау - діни халық демократиясының екі негіздерінің бірі. Мен сайлауға араласпаймын. Мен тек халықтың сайлаудағы дауысына қарсы шығып, халықтың дауысын өзгерткісі келген кезде ғана араласамын. Сайлауды жақсы өткізсеңдер, халықтың еңсесі көтеріледі. Сонда Алланың көмегімен дұшпан да еш жамандық істей алмайды»,- деп баса айтты.