Революцияның мәртебелі жетекшісінің Эксперттер мәжілісінің өкілдерін қабылдауында сөйлеген сөзі
(last modified Thu, 10 Mar 2016 18:13:22 GMT )
Нау 11, 2016 00:13 Asia/Almaty
  • Революцияның мәртебелі жетекшісінің Эксперттер мәжілісінің өкілдерін қабылдауында сөйлеген сөзі

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі: "Иран халқы таяуда өткен сайлауларға жоғары деңгейде атсалысуы арқылы Иран ислам республикасы жүйесіне өздерінің сенім артатындықтарын іс жүзінде көрсетті" деді.

Хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні Эксперттер мәжілісінің төртінші шақырылымының төрағасы мен өкілдерін қабылдауында халықтың 26- шы ақпан күні өткен сайлауларға салтанатты түрде қатысуына алғыс білдіріп: «Иран халқы Ислам кеңесі мәжілісі мен Эксперттер мәжілісінің сайлауларына қатысуы және дауыс беру шарттарына ие азаматтардың 62 пайызының атсалысуымен демократия туралы уәж айтатын көптеген елдермен салыстырғанда жоғары пайызға ие» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі Иран халқының сайлау күні сахнаға қатысу арқылы өз міндетін атқарғанын қуаттап: «Енді өз міндеттерін атқаратын басшылардың кезегі келіп жетті» деді.

Хазірет аятолла Хаменеи Эксперттер мәжілісінің міндетін «революцияшыл рухта қалу», «революцияшыл ойлау» және «революцияшыл әрекет жасау» деп атап: «Елдің келесі жетекшісін сайлау тәсілінде осы үш ерекшелікті басшылыққа алу Эксперттер мәжілісінің негізгі жауапкершіліктеріне жатады. Келесі жетекшіні таңдауда біреудің көңіліне қарауды әрі пайданы ойлауды шетке ығыстыру керек» деді.

Ислам революциясының мәртебелі жетекшісі сондай- ақ үкіметтік басшылардың міндеттеріне сілтеме жасап: «Қазіргі жағдайда негізгі үш міндет пен басты бағдар, яғни қарсыласу экономикасы, ғылыми әрекетті қарқынмен жалғастыру және мемлекет, ұлт пен жастарды мәдени тұрғыдан қорғау басшылардың назар аударатын мәселелері болуы керек» деді.

Ол Иранның қазіргі кезеңдегі негізгі үш басты бағдарын атап, ықпал ету мәселесін аса шынайы да маңызды деп бағалап, шынайы ілгерілеушіліктің жалғыз жолын экономикалық, мәдени және саяси негіздерде елдің ішкі құрылымдарын нығайту, революциялық ерекшеліктерді сақтау, жиһадтық әрекет, ұлттық және исламдық абырой мен болмысты сақтау және әлемдік қауіптерге берілмеу деп атап: «Иран ислам республикасы АҚШ пен сионистік режимнен басқа бүкіл әлеммен әріптестік жасауға дайын» деді.

Ол аймақтағы қазіргі соғыстардың өте саяси астарға ие екендігін айтып: «Исламның жаулары осы келіспеушіліктерді мазхабтық келіспеушіліктерге айналдыруға тырысуда. Біз олардың осы қауіпті мақсаттарына көмектеспеуіміз керек» деді.