Иранның боксшысы Израильдің боксшысымен жұдырықтасудан бас тартты
Палестинаның езгідегі халқының мүдделерін қолдау мақсатында Иранның ұлттық командасының боксшысы кеше Бакуде өткен «Жібек жолы» жарысында Құдсты басып алған режимнің спортшысымен кездесуден бас тартты.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, «Жібек жолы» атты бокстан халықаралық жарыс бейсенбі күні Әзірбайжан Республикасының астанасы Бакуде басталды. Бірінші күні 69 кг салмақтағы Масуд Абдуллахи өз қарсыласының Құдсты басып алған режимнен келген спортшы екені анықталғанда Палестина халқының мүдделерін қолдау мақсатында израильдік спортшымен жұдырықтасудан бас тартты.
Ислам елдерінің, соның ішінде Иранның спортшылары әрдайым спорт алаңдарында Палестина халқының мүдделерін қолдап, Израильдің заңсыз режимінің спортшыларымен жарысқа түсуден бас тартады.