Ислам революциясы жетекшісінің Эксперттер кеңесі мүшелерімен кездесуінде жасаған баяндамасы
(last modified Fri, 11 Mar 2016 12:57:31 GMT )
Нау 11, 2016 18:57 Asia/Almaty
  • Ислам революциясы жетекшісінің Эксперттер кеңесі мүшелерімен  кездесуінде жасаған баяндамасы

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бейсенбі күні Эксперттер кеңесінің төртінші шақырылымының төрағасы және мүшелерімен өткізген кездесуінде қазіргі кезеңдегі елдің басты басымдықтарын санамалап өтіп, дұшпанның ықпалы мәселесін өте маңызды тақырып деп атады.

Аятолла Хаменеи: «Шынайы дамудың жалғыз жолы – саяси-экономикалық және мәдени салаларда «елдің ішкі құрылымын нығайту», «революциялық қасиеттерді сақтау», «джиһадтық қозғалыс», «ұлттық және исламдық болмыс-бітімді сақтау»,-деп баса айтты.

Ислам революциясының жетекшісі: «Дұшпандардың жауапты тұлғаларға ықпал етуді жобалаудағы мақсаты – мемлекеттік қайраткерлердің есептерін өзгерту және олардың ерік-жігерін дұшпанның қолына ұстап беру»,-деп мәлімдеді.

Шындық мынада: АҚШ-тың Иранға қарсы қастық қатынасы өзгерген жоқ. АҚШ Иранның ядролық бағдарламасын қауіпті деп уәж айтқан болатын. АҚШ қайраткерлерінің бірқатары, соның ішінде осы елдің Сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Уенди Шерман Иранның ешқашан ядролық қару жасауды көздемегенін мойындағанымен, бұл ел жалған уәждер айтып, қастандық жасаудан бас тартпады. Олар «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейін де сылтау іздеуде. Әрине, мұндай дұшпандықтар бұрын да болған. Оның үлгілерін соғысты таңудан, экономикалық блокада мен санкциялар салудан, халықты революция мақсаттарының орындалуына үмітсіздендіруден және халықтың сайлауға қатысуын солғын көрсетуден көруге болады. АҚШ-тың осы саладағы басты стратегиясы – Ислам республикасы жүйесіндегі идеологиялық принциптер мен негіздерді шайқалту, осылайша басқа елдерге исламдық жүйені АҚШ-тың мақсаттарына сәйкес өзгертуге болатынын көрсету.

Ислам революциясының жетекшісі Батыстың Иранға қарсы қастандықтарының бір бөлігін тілге тиек етіп: «Мен Батыспен байланысты үзуді жақтамаймын, бірақ қандай адаммен әріптестік жасап жатқанымызды білуіміз қажет. Батыстықтар басында Иран халқымен дұшпандықтың негізін қалады, қазір де ықпал етуді көздейді. АҚШ-тың мемлекеттік қайраткерлері өткен отыз жылда Иранды терроризмді қолдаумен, адам құқығын бұзумен айыптап, Иранның бейбіт ядролық бағдарламасы мен зымырандық күш-қабілетіне алаңдайтынын білдіріп, Иранға қарсы санкциялар салып, қысым жасады»,-деді.

Экономикалық тұрғыдан санкциялардан кейін жаңа жағдай қалыптасып, Иранмен байланыстардың көбейгеніне қарамастан, тиісті нәтижелерге қол жеткізгенге дейін ұзақ уақыт қажет екенін айту кету қажет. Ислам революциясының жетекшісі айтқандай, бүгінде батыстықтар тарапынан кездесулер өткізіліп жатыр, бірақ бұл кездесулердің осы күнге дейін ешбір жағымды әсері болмады. Бұл барыс-келістердің қандай әсері бары іс жүзінде анықталуы тиіс. Өйткені қағаз жүзіндегі келісімнен ешқандай пайда болмайды.

АҚШ-қа сену мүмкін болмағандықтан Батыс елдерінің басқа бір сылтаумен Иранға қысым жасау ықтималы да жоқ емес. Сол себепті АҚШ-тың міндеттемелері мен саясаттарына сенім артуға болмайтындықтан, бұл елдің әрекеттерін жіті бақылау қажет. Бұл мәселелер әсіресе сыртқы саясат саласында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан кейінгі кезеңде ерекше маңыздылыққа ие болып отыр.

Ислам революциясы жетекшісінің Эксперттер кеңесі мүшелерімен кездесуінде жасаған баяндамасы мына шындықты қайта еске түсіреді: осы қатерлі стратегияға қарсы тұру және дұшпанның осы салаға енуіне тосқауыл қоюдың жалғыз жолы жүйе мүддесінің айналасына бірігу және революция дұшпандарының мақсаттарының түп-тамырын анықтау болып табылады.