Әмири "алтылық" елдерін өз міндеттемелеріне берік болуға шақырды
ИИР президентінің мәжіліс істері бойынша орынбасары Теһранның өзінің барлық халықаралық міндеттемелеріне берік екендігін қуаттап, өзге елдерді де өз міндеттемелеріне табанды болуға шақырды.
ИРНА-ның дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, ИИР президентінің мәжіліс істері бойынша орынбасары Хосейнәли Әмири Теһранда Венгрия премьер-министрінің орынбасары Жолт Шемьен мырзаны қабылдауда кейбір елдердің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын орындау жолына бөгет жасап отырғанын және осы уәде бұзушылықтың халықаралық қауымдастық үшін пайдалы еместігін баяндап: «Иран Венгрия үкіметінен халықаралық міндеттемелердің, соның ішінде "Ортақ қадам" келісімі қалпында толығымен орындалуы үшін өз ықпалын пайдалануды күтеді» деді.
Венгрия премьер-министрінің орынбасары Жолт Шемьен де осы кездесуде кейбір араб елдері тарапынан Иран мен Ресейге қарсы салынып отырған санкция саясатына қарсылық танытып, Иран мен Венгрия қарым-қатынасының "Ортақ қадам" келісімінен кейін кеңейе түсуіне және экономика, сауда мен банк істері салаларында да ойдағыдай болуына үміт білдіріп: «Будапешт өзінің Теһранмен байланысына зор мән береді. Екі ел байланысының ұзақ тарихы мен мәдени және саяси игі байланыстарына байланысты Иран мен Венгрияның экономикалық және сауда-саттық байланыстары да бұрынғыдан көбірек кеңейе түсуі керек» деді.