ИИР президенті АҚШ-тың Сирияға қарсы зымырандық шабуылына реакция білдірді
ИИР президенті АҚШ-тың Сирияға зымырандық шабуылына реакция білдіріп, әлемдік қауымдастықты осындай саясаттарға қарсылық білдіруге шақырып: "АҚШ-ның саясаттары аймақ пен әлем үшін қиратушы салдарларға ие",- деді.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани жұма күні кешке өзінің Твиттердегі парақшасында АҚШ-тың Сирияға қарсы зымырандық шабуылына реакция білдіріп: "Бұл шабуыл аймақтағы әсірешілдік пен терордың күшейгенін білдіреді",- деп жазып, әлемдегі заңсыздық пен жүйесіздікті толығымен айыптады.
АҚШ жұма күні таңертең Сирияның Идлиб облысындағы өткен сейсенбі күні орын алған күмәнды химиялық шабуыл сылтауымен өзінің Жерорта теңізінде орналасқан әскери базасындағы екі әскери кемесінен Сириядағы Хомс облысында орналасқан әл-Шейрат әуе базасына 59 зымыран атты. Сол зымырандық шабуыл салдарынан әскери емес сириялық тоғыз азамат, соның ішінде 4 бала қаза тауып, 7 адам жарақат алды.