Американың Сирияға әскери шабуылы лаңкестердің мүддесін көздейді
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Американың Сирияға әскери шабуылын Сирия жүйесінің саяси және майдандық айдындағы жеңісінің белгісі және лаңкестердің рухын көтеру бағытындағы қадам деп атады.
Әли Шамхани Сирия ұлттық қауіпсіздік органының төрағасы дивизия басшысы Әли Мәмлукпен телефон арқылы сұхбатта Иран ислам республикасының Сирия үкіметі мен халқын және олардың жалпыны қамтитын қауіпсіздікті жүзеге асыруын, сонымен қатар шетелдіктердің қолдауына ие болып отырған лаңкестерді толығымен көзін жою талабын қолдайтынын қуаттап: «Егер ақиқатты анықтаушы халықаралық комитет құрылып, тақырыптың шындығы қарастырылса, Американың халықаралық қауіпсіздікке қайшы шараларының іс-әрекет дәптерінде келесі бір масқарашылық тіркелетін болады» деді.
Сирияның Ұлттық қауіпсіздік органының төрағасы дивизия басшысы Әли Мәмлук те телефон арқылы орнаған сұхбатта Иран ислам республикасының қолдауларына алғыс айтып, Сирия үкіметі, халқы және қарулы күштерінің лаңкестік топтар мен олардың демеушілеріне қарсы тұратындықтарын қуаттады.