Иран Сыртқы істер министрі Жаңа Зеландияға барды
Иран Сыртқы істер министрі Азияның оңтүстік-шығысы мен Тынық мұхитындағы елдерге бесінші кезеңідік сапарында Жаңа Зеландия астанасы Веллингтонға барды.
Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Жаңа Зеландияға екі күндік сапарында осы елдің Премьер-министрі, Сыртқы істер министрі және Экономика министрімен кездеседі.
Иранның дипломатиялық аппаратының төрағасы Жаңа Зеландиядан кейін Аустралияға сапар шекпек.
Зариф жұма күні Таиландта дипломаттар, зерттеушілер және зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде лаңкестікті барлық елдер үшін қауіп-қатер деп атап, Иран халқының діни наным-сенімдеріне сәйкес қырып-жою, лаңкестік әрекеттер мен қатыгездікке қарсы екенін айтты.
Иранның Сыртқы істер министрі әсірешілдікпен күресте әлемдік ынтымақтастық пен пікірлестіктің қажеттігін қуаттап, Батыстың осы уақытқа дейін әсірешілдікпен күресте табысқа жете алмағанын мәлімдеді.
Зариф Иранның әрдайым Ядролық қаруларды өндіруге және таратуға тыйым салу хаттамасының мүшесі ретінде бейбіт мақсаттағы атом қуатын көздегенін қуаттап, Иранның атом қуатын өзінің құқығы ретінде санайтынын баса айтты.