Американың Сирияға жасаған шабуылы Вашингтонның өзіне зиян келтіреді
ИИР Сот билігінің төрағасы аятолла Амоли Лариджани Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын айыптап, соңында шабуылдың Вашингтонның өзіне зиян шектіретінін айтты.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садық Амоли Лариджани дүйсенбі күні соттың жоғары мәртебелі басшыларының отырысында: «Егер әрбір алпауыт ел халықтың қалаулы үкіметтеріне қарсы қалай болса солай күш көрсететін болса, бұл қисын мен ақылға қайшы болады» деді.
Иран Сот билігінің төрағасы БҰҰ- дағы АҚШ елшісі Никки Хейлидің мәлімдемесін сынап: «Америка БҰҰ-да өздерін әлемнің ахлақтық ұжданы деп атайды. Сирияға жасалған шабуыл қандай ахлақтық ұжданмен іске асты» деді.
АҚШ Сирия армиясы осы елдің солтүстік- батысындағы Идлиб облысының Хан-Шейхун аймағында химиялық қару қолданды деген жасанды желеумен өткен жұма күні таңертең Сирияның Хомс облысындағы әл-Ашират әуе базасына зымыран жаудырды.