Ғасеми: Иранның зымырандық бағдарламасының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына еш қатысы жоқ
https://itolqyn.com/news/iran-i26042
ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның зымырандық бағдарламасының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына еш қатысы жоқтығын айтып: «Иран ұлттық қауіпсіздікті қорғау және аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында өзінің қорғаныстық күш-қуатын арттыру қажеттігін жақсы біледі»,-деп қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 13, 2017 17:34 Asia/Almaty
  • Ғасеми: Иранның  зымырандық бағдарламасының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына еш қатысы жоқ

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Иранның зымырандық бағдарламасының «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына еш қатысы жоқтығын айтып: «Иран ұлттық қауіпсіздікті қорғау және аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мақсатында өзінің қорғаныстық күш-қуатын арттыру қажеттігін жақсы біледі»,-деп қуаттады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Бахрам Ғасеми сәрсенбі күні Италияда G7 тобының жуырдағы мәлімдемесіне реакциясында: «ИИР-ның баллистикалық зымырандары оларды сынаудың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы келмейтіндей жобаланған.

Иран барлық тараптардың «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы мен G7 тобының жуырдағы мәлімдемесінде келтірілген оның баптарын орындау негізіндегі өз міндеттемелеріне берік болу қажеттігін өзара міндеттемелерді қамтитын көпжақты құжат ретіндегі осы бағдарламаны берік сақтап қалудың кепілі деп санайды. Иран барлық тараптардан сындарлы кеңістікте өз міндеттемелерін толық әрі тең түрде орындауын күтеді»,-деді.