Ислам революциясының жетекшісі су тасқынына байланысты үндеу жариялады
Иранның батысы мен солтүстік-батысындағы кейбір облыстарда болған су тасқыны салдарынан бірқатар адам қаза болған соң, Ислам революциясының жетекшісі үндеу жариялап, осы қайғылы оқиғада қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып: «Жауапты тұлғалардың шұғыл міндеті – зардап шеккендерге көмектесу және олардың қам-қайғысын азайту»,-деп баса айтты.
Хазірет аятолла Хаменеи сенбі күні кешке жарияланған үндеуінде: «Шығыс және Батыс Әзірбайжан, Күрдістан мен Ардебиль облыстарында болған су тасқыны – халықтың басына түскен қайғылы оқиға. Соның салдарынан бірқатар отандастарымыз қаза болып, халықтың мүлкіне қаржылай ауыр шығын келді.
Мен қазаға ұшырағандардың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтып, Алла Тағаладан оларға сабыр мен тыныштық, ал қаза болғандарға рақым мен кешірім тілеймін»,-деп мәлімдеді.
Мәліметтер бойынша, осы күнге дейін жұма күні болған су тасқыны салдарынан Иранның батысы мен солтүстік-батысында 35 адамның мәйіті табылды. Соңғы статистикалық мәліметте осы оқиғада із-түссіз жоғалғандардың саны 42 адам деп жарияланды.